Читать книгу Барби Бану онлайн
1 страница из 10
Ғани Қаламгер
Барби Бану
1 – бөлім
дядкасыдядка
– Тағы да не деді, маған пәтер керек деп айтпадың ба? Екеуміз тегін тұратын едік. Сосын көлігіңмен барып кеп жүруші едік. Өзі қандай адам өзі, былайша норма адам ба, тым кәрі емес пе, өзіңе қалай, ұнай ма. Бастысы ақшасын аямаса болды ғой, құрбым, деп жан алқымнан алып барады. Міне, осы сөздің бәрін де тыңдап жатқан Банудың тұла бойы түршіге бастады. Онан әрі естігісі келмей жұқа көрпеге бүркеніп алып ұйқыға кетті.
2 – бөлім
Әупірімдеп жүріп бірінші курсты аяқтауға жақындаған Бану шынымен де нағыз қалалық қызға айналды. Оның үстіне өз жерлесі Сәулемен танысқалы тіпті де қатты өзгергені бар. Алыста жүргенде кездескен ауылдасың әкеңдей көрінетіні рас. Сәуле мұның ауылдасы болмаса да екеуі бір облыс, бір ауданның қыздары. Тек бір жасқа үлкен демесең, түйдей құрдастар. Сосын Сәуле екінші курста оқиды. Демек Бануға қарағанда қаланың тыныс тіршілігімен етене таныс. Тіпті кіммен қалай сөйлесу керек екенін, қай жігіттің ақшалы екенінде біледі. Сонан болар екеуі ойда жоқта танысқалы өз бөлмесіне өтуге ұсыныс жасаған. Өйткені, Әсел бөлек кеткелі бөлмеде бір орын бос қалған. Міне, осы орынға Сәуле келіп екеуі ең жақын құрбыларға айналған. Бірақ анда – санда бұрынғы құрбысы Әселді көргенде қызыға да қызғана да қарайтыны бар. Өйткені ол қыз қатты өзгерген. Бұрынғыдай ақшадан проблемасы жоқ. Сондай – ақ осы Универге жақын жерде қымбат пәтерде тұрады. Сонда да таңертең көлігімен келеді. Қазірше өзі көлік жүргізе алмайды, жүргізушісімен келеді. Сосын сабақ біткен соң қайта алып кетеді. Кешке сол саябақ немесе қымбат кафелерден ішіп – жейді. Жақсы киінеді. Қымбат телефон сыйға тартқан. Әрине мұның бәрі жәйдан – жәй емес. Енді оған Назима да кеткісі кеп жүр. Бұл Бануға айтпаса да белгілі. Өйткені телефонға жармасып екеуінің өсегі бітпейді. Арасында тың – тыңдап қойып, әңгіменің өзегі төсекте екенін түсінеді. Демек, Әселдің асығы алшысынан түсіп тұр. Өйткені, аузынан тастамай жүретін дядкасына қол жеткізген. Бірақ оны кім біліп жатыр, ауыл алыста қалада ағайын, туыс жоқ. Бір сөзбен айтқанда Әй, дейтін әже Қой, дейтін қожа жоқ. Не істесе де өз еркі. Оның үстіне соңғы кезде қыз бол болма, жігітерге бәрі – бір үйлене салады деген түйсік миына ұялап алған. Несін жасырады тіпті жігіттердің өздері сайттарда солай жазып отырады. Қысқасы қазіргі жастар үшін ең бастысы сезім, махаббат болса болғаны, үйлене салады. Ал қыздық деп қақсайтындар олар сол баяғы ауылда қалған ағайындар. Егер де қазіргі көзбен қарасаң олар артта қалып кеткен қазақтар. Шынымен де солай ғой дейді. Қыздық түгілі қазақшасын білмейтін қалалық қыздардың да мал жаны аман ғой. Тіпті, ауыл қыздарынан ақылды, сұлу боп келеді. Сосын мұның ең жақсы тұстары да өте көп. Бастысы ақшаң, көлігің, үйің болады. Ол болса жігіт деген жүгірмегің төрт аяқтап өздері алдыңа келеді. Міне осының бәрін ой елегінен өткізіп жүрген Бану Сәуле құрбысымен ашық әңгімеге көшкен. Себебі, оңаша бөлмеде екеуі ғана. Ал Назиманы Әселдің дядкасы кешкі асқа шақырған. Ол сонда кеткен.