Читать книгу Барби Бану онлайн
5 страница из 10
– Қарындас! Сізге медициналық көмек керек, қаны шығып тұр деп емпілдей жөнелді. Сонда ғана Бану көз салды. Жас шамасы қырықтың үстіндегі жігіт ағасы екен. Киімін ауыстыруға көмектесіп конькиін шешіп өз аяқ киімін кигізді. Сонан соң қолтықтай жүріп қымбат көлігіне отырғызып емханаға тартты. Қызықтың қызыға сол емханада болды. Мына кісіні көрген дәрігерлер құстай ұшып аяғын әп – сәтте рентгенге түсірді. Сонан соң кеп отчёт берді.
– Сынған да шыққан да емес, тек тізедегі етке аздап зақым келген. Қорқатындай ештеңе жоқ. Қаласаңыз ертең де әкеліңіз сіздің қарындасыңыз үшін бәріне дайынбыз деп қол қусырып шығарып салды. Мұны көргенде Банудан ес кетті. Айтқандай "дядка" дегенің осылар болса керек деп топшылады. Қысқасы сол күні ақ ағасымен номер алмасты. Осылайша ойда жоқта басына бақ қонды. Өйткені сол емханаға ертесіне де барды. Әрине бейтаныс ағасы апарды. Онан шығып қымбат рестораннан тамақ жеді. Ал арадан апта өткенде дядкасының құшағында түнеді. Сол түннен бастап бәрі де өзгерді. Бәрі өз орнына келгендей болды. Сонан кездесу жиіледі. Ыстық құшақтар айқара ашылып қайта жабылды. Сүйісіп жатып сырласу басталды.